Language Selection

Kazakh (CIS)Russian (CIS)English (United Kingdom)

Іздеу

Байланыс

Физика-техника факультеті,  Акылбеков Абдіраш Тасанұлы, декан

Мекенжайы: 010008 г. Астана, Кажымукан кошесі, 13, ғимарат №3

Телефон: +7 (7172) 709527, ішкі. 33301

E-mail: akilbekov_at@enu.kz
http://ftf.enu.kz/

Тәрбие жұмыстары PDF Басып шығару E-mail
Мәдени және қоғамдық өмірі
04.07.2011 16:54

Физика-техникалық факультетіндегі тәрбие жұмыстары деканның студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары басшылығымен, аға кураторлармен, 1-5 курс топтары кураторларымен, факультеттің студенттік кеңесі және старостатымен, студенттік топтар белсенділерімен жүзеге асырылады.

Қазіргі қоғамдағы студент-жастардың азаматтық және мәдени дамуы экономикалық және саяси реформалар жағдайында жүріп жатыр. Осы үдеріс өскелең ұрпақтың әлеуметтік-мәдени өмір сүру салтына, білім беру мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және жастар мен балалар ұйымдары қызметінің өзгеруіне ықпал етіп отыр. Сәйкесінше қазақстандық қоғамда жастарды дамыту үшін жаңа дүниетанымдық көзқарас қалыптасуда. Жоғары оқу орындарында тәрбие берудің жаңа жүйесі жасалып, тәрбиенің құрылымы мен мазмұны салт-дәстүр мен жаңа заман тәжірибесімен ұштастырылуда. Студенттердің азаматтық-мәдени дамуына бағытталған бағдарлама осыған негізделген.

 

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі студенттермен жұмыс жасаудың мақсаты келесідей болып анықталған: мәдениетті, интеллектуалды дамыған, әлеуметті белсенді, кішіпейіл тұлғаны тәрбиелеу және дамыту, шығармашылық потенциалды ашу, қазіргі заманғы өмірдің және қызметтің шарттарына бейімделген нағыз маманды және еңбекшіл тұлғаны қалыптастыру; Студенттердің студенттік ортада білім алуы үшін қажетті талаптарды жасау; Дарынды студенттерді шығармашылық іс-әрекеттер жасауға ынталандыру мақсатында студенттік үйірмелер,  ғылыми клубтар, сондай-ақ шығармашылық студиялар мен клубтар ұйымдастыру; Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәртіп бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстарын жүргізу; Студенттер денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттау; Факультет студенттерінде жоғары деңгейдегі мәдениеттілікті қалыптастыру.

 

 

Университеттің әлеуметтік, азаматтық және мәдени даму бағдарламасына сәйкес Физика-техникалық факультетіндегі тәрбие жұмыстары келесі бағыттар бойынша атқарылуда:

  • Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс
  • Азаматтық-патриоттық тәрбие
  • Рухани-адамгершілік мәдениетті, толеранттылық пен этносаралық келісімді қалыптастыру
  • Құқықтық мәдениетті, кәсіби-қызметтік және экономикалық тәрбиені қалыптастыру
  • Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
  • Зиялылық мәдениеттің дамуы, эстетикалық тәрбие.
LAST_UPDATED2