Language Selection

Kazakh (CIS)Russian (CIS)English (United Kingdom)

Іздеу

Байланыс

Физика-техника факультеті,  Акылбеков Абдіраш Тасанұлы, декан

Мекенжайы: 010008 г. Астана, Кажымукан кошесі, 13, ғимарат №3

Телефон: +7 (7172) 709527, ішкі. 33301

E-mail: akilbekov_at@enu.kz
http://ftf.enu.kz/

Студенттердiң өнерi PDF Басып шығару E-mail
Барлық жаңалықтар
04.07.2011 16:54

2012 жылдың 7 қыркүйегінде физика-техникалық факультетінің жоғарғы курс белсенділері 1-курс студенттеріне БЕЛСЕНДІЛЕР КАСТИНГІН жариялады. Факультет төрағасы Унайбеков Ануар бастаған белсенділер 10-15 қыркүйек аралығында 1-курс студенттері арасында белсенді болғысы келетін студенттермен сұхбат жүргізіп, олардың қай бағытта жұмыс істейтіндігі анықталды.

2012 жылдың 14 қыркүйегінде 110 аудиторияда сағат 14.00-де барлық 1-курс студенттерімен тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары және факультет белсенділері кездесті. Оларға университеттегі мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат берілді және белсенді жұмыс жасауға шақырылды.

2012 жылдың 15 қыркүйегінде физика-техникалық факультетінің жоғарғы курс белсенділері 1-курс студенттеріне ТАЛАНТТАР КАСТИНГІН жариялады. Факультет төрағасы Унайбеков Ануар бастаған белсенділер 15-22 қыркүйек аралығында 1-курс студенттері арасында талантты студенттермен сұхбат жүргізілді. Кастинг 4 бағытта жүргізілді:

1. Ән айту өнері;

2. Би өнері;

3. Мәнерлеп оқу;

4. Актерлік шеберлік.

Осы бағыттар бойынша 1-курс студенттері іріктелінді. Осы студенттер 25 қыркүйек күні өткізілген университеттік кастингке қатысты.

Факультет белсенділері, факультет топбасшылары әр дүйсенбі, сағат 15.00-де тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарымен 316 кабинетте кездеседі. Оларды тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары университет жаңалықтарымен таныстырып, алдағы іс-шараларды жоспарлауға шақырды. Алдағы мерекелерге қызу дайындықтар жүргізілді.

Қыркүйек айы бойы факультеттің 1-курс кураторлары жатақханада кезекшілік жүргізді. Олар жатақханада тұратын өз студенттерінің жағдайымен танысты, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Факультет белсенділері, факультет топбасшылары әр дүйсенбі, сағат 15.00-де тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарымен 316 кабинетте кездесті. Оларды тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары университет жаңалықтарымен таныстырып, алдағы іс-шараларды жоспарлауға шақырды. Алдағы мерекелерге қызу дайындықтар жүргізілді.

 

LAST_UPDATED2